Қазақстанға заңсыз кірмек болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды

Ulysmedia

Бұл жөнінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: дереккөзден

«2023 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

Құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.