Степногорскте үйде қамалып қалған балалар құтқарылды

Ulysmedia

Степногорск қаласында полиция қызметкерлері өрт сөндірушілердің көмегімен үй ішінде қамалып қалған кішкентай балаларды құтқарып қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

28 қыркүйек күні Степногорск қаласының өрт сөндіруші-құтқарушыларына Степногорск қаласы, 9 шағынауданындағы мекенжайы бойынша пәтерге кіру үшін полиция қызметкерлеріне көмек қажет екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

5 қабатты үйдің 2-қабатында кішкентай балалар есіктің ішінен жабылып қалған. 3-МӨСБ кезекші ауысымы жағдайды бағалап, полиция қызметкерлерінің қатысуымен үш иінді баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, балаларды құтқарды.

«Ағасы мен қарындасы екі-үш жаста болса да, бізден қорықпағаны қуантады. Ата-аналарға балаларына өрт сөндірушілер туралы бұрын айтқандары үшін рахмет, өйткені олар бізді көріп, жыламады. Ата-аналардан балаларын жалғыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Бұл жолы барлығы сәтті аяқталды, бірақ көбінесе балалар жалғыз қалғанда сіріңкемен ойнайды. Мұндай кезде қайғылы жағдай орын алуы мүмкін», - дейді Степногорск қаласының 3-МӨСБ аға инженері Руслан Ахетов.