Түркия Қазақстандағы елшісін ауыстырды

Ulysmedia

Түркия 7 мемлекеттегі елшілерін ауыстырды. Құжаттың мәтіні президент Ердоғанның қолымен үкіметтің ресми газетінде жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.

фото: ашық дереккөзден

Атап айтқанда, Түркияның Португалия, Ұлыбритания, Қазақстан мен Ирандағы елшілері ауысты.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қолы қойылған құжаттың мәтіні бейсенбіде үкіметтің ресми газетінде – Resmi Gazete-де жарияланды.

Аталмыш шешімге сәйкес, Астанадағы Елші Уфук Экиджи Луандадағы Түркия дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды. Оның орнына бұрын Құқықтық қызметтер басқармасының бас директоры болған Мұстафа Капуджу тағайындалды.