Қоспаевтың қылмыстық топ мүшелеріне елден қашуға көмектескен жамбылдық ұсталды

Ulysmedia

Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, рейдерлік жасағаны үшін Шалин, Имашев және Қоспаевқа халықаралық іздеу жарияланған. Олар Жамбыл облысында мемлекеттік шекара арқылы елден қашып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бас прокуратура мәліметінше, өткен жылдың 10 қарашасында Қордай аудандық полиция бөлімі ҚК-тің 394-бабы 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. 11 қарашада Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған.

“Жұмыс нәтижесінде жоғарыда көрсетілген тұлғаларды, 06.08.2022 жылы Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізіп жіберген жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жалғастырылуда және прокуратураның бақылауында”, – делінген хабарламада.