Оппозиционер кандидат Сұлтан-Хан Аққұлы сайлаудан шеттетілді

Ulysmedia

Оппозициянер кандидат Сұлтан-Хан Аққұлы мәслихат депутаттарын сайлаудан шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

“Оппозициянер азаматтардан үміткерлер көп болады деп билік ойламаған сияқты”, – дейді журналист Жеңіс Құспан.

19 наурызда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттығына бір мандатты 125 кандидатты тіркеуден бас тартылғаны белгілі болды.

19 ақпанда ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін айтты.