Түркияның орталық бөлігінде тағы жер сілкінді

Ulysmedia

Түркияның орталық бөлігіндегі Кония провинциясында 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы түріктің Төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасы (AFAD) ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Жер асты дүмпулері 24 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17: 01 тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Эрегли ауданында 7 шақырым тереңдіктен тіркелді, деп хабарлады "Анадолы".

Кония әкімшілігінің Twitter-дегі хабарламасына сүйенсек, құрбандар мен қирандылар тіркелмеген.

Айта кетсек,  6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Түркия мен Сирияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 000-нан асады.