Енді Түркияның Нигде аумағында жер сілкінді

Ulysmedia

Түркияның Нигде провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Сенбі, 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 13:27-де Түркияның Нигде провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқанын хабарлады. Жер сілкінісі ошағы 7 км тереңдікте орналасқан», - деп жазылған Анадолу сайтында.

Айта кетейік, бүгін Түркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатия, Бингел, Сивас және Кония провинцияларында жер сілкінісі тіркелді.