Елімізде жылдық инфляция 8,7% құрады

Ulysmedia

Ұлттық банк 2021 жылғы тамыздағы қаржы нарығындағы ахуал, оның ішінде инфляция туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылғы тамызда инфляция
0,5% (2020 жылғы тамызда – 0,1%) болды.

Жылдық инфляция 8,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляция құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,3%-ға, ақылы қызметтер – 6,6%-ға өсті.

2021 жылғы тамызда халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 8,8% болды.