Ақтөбеде сарбаз болмашы нәрсе үшін соққыға жығылды

Ulysmedia

Қарағандыдан шақырылған жігіт әскери борышын артиллерия бригадасында өтеп жүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

 

 

Оқиға болған күні сарбаз казармада еден жуып жүріп, әріптесіне ескерту жасаған. Сөз көтере алмаған қызметтесі оған жұдырық ала жүгірген.

Соққылардың салдарынан әскери қызметшінің жағы сынып кеткен. Оған ота жасау үшін оны Алматыдағы госпитальде жеткізген.

“Соққы алған әскери қызметші — мерзімді қызмет сарбазы. Қазір Алматыдағы ауруханада, емін алып жатыр. Жарақат алған, сол жағы сынып кеткен”, - деді әскери бөлім командирінің орынбасары Ренат Шәріпов.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.