Алматы маңында екі рет жер сілкінді

Ulysmedia

«СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 278 және 279 км қашықтықта екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бірінші жер сілкінісі 27 ақпан күні Алматы уақытымен 03 сағат 42 минут 15 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілмеді.

Сондай-ақ, 05 сағат 58 минут 05 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым.

Алматыда жерасты дүмпуі сезілген жоқ.