Қазақстандық үш кәсіпорынның басым үлесі "Росатомның" еншілес ұйымына берілді

Ulysmedia

Қазақстандағы үш уран кәсіпорнының ірі үлесі ресейлік "Ураниум Уан Груп" мемлекеттік компаниясына берілетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«1. Uranium One Netherlands B. V. компаниясына "Қаратау" ЖШС қатысу үлесінің 50%-ын "Ураниум Уан Груп" АҚ пайдасына беруге рұқсат етілсін. 2. Uranium One Utrecht B. V. компаниясына  "Хорасан-U (Хорасан-У)" бірлескен кәсіпорны" ЖШС қатысу үлесінің 30% -ын "Ураниум Уан Груп" АҚ пайдасына беруге рұқсат етілсін. 3. Uranium One Rotterdam B. V. компаниясына "Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы" Бірлескен кәсіпорны" ЖШС қатысу үлесінің 70%-ын "Ураниум Уан Груп"АҚ пайдасына беруге рұқсат етілсін, - делінген Қазақстан үкіметінің қаулысында.

Айта кетейік, "Ураниум Уан Груп" АҚ Мәскеуде тіркелген және Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді.