Бестөбедегі шахтада қаза тапқан заңсыз алтын іздеушінің өлімі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногорск полициясына 27 ақпанда «Центральная» шахтасының 520-көкжиегінде 1993 жылғы ер адамның қайтыс болу фактісі тіркелгені туралы хабарлама түскен.
Ер адамның құрамында алтыны бар материалды өндіру үшін шахтаның төменгі жағына түскені анықталды. Сол кезде кен қабаты құлап кеткен. Қалған үш алтын іздеуші оның денесін алып шыққан.
ҚР ҚК 269-1-бабы 3-бөлігі «Қорғалатын объектіге заңсыз кіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.