Ешқандай зілзала кедергі емес: Ердоған президент сайлауы өтетін күнді жариялады

Ulysmedia

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде 14 мамырда президенттік және парламенттік сайлау өтетінін растады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

«14 мамырда біздің халық талап ететін саяси науқан өтеді, түркиялықтар сайлауда дауыс береді», - деді Режеп Тайып Ердоған.

Бұған дейін елде болған жойқын жер сілкінісіне байланысты сайлау кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылған болатын.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда бірқатар жер сілкінісі болып, 14 миллион адам зардап шеккен.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны соңғы мәліметтер бойынша 45 089-ға жетті.