Үкіметтің үміті: «Доллардың ізімен азық-түлік арзандайды»

Аян Өрібай

Журналистердің сұрағына жауап берген үкімет басшысының орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенат кулуарында бүгін осылай деді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Былтыр Қазақстанда азық-түліктің бәрі қымбаттап кетті. Сол кезде қымбатшылыққа доллар құнының өсуі себеп болғаны айтылған. Ал қазір доллар арзандап жатыр. Ізінше азық-түлік арзандай ма?»

Бұл сұраққа жауап берген министр «біздіңше, арзандайды» деп жауап берді.

«Доллар бағамы өскен кезде импорт тауарлары да қымбаттайды. Осыған байланысты импорт тауарлары біртіндеп арзандайды деп күтеміз. Жалпы экономикада инфляция төмендейді. Осы айларда мәселен ең көп дегенде 20 пайыз болды. 2-3 айда тіпті төмендейді деп күтіп отырмыз. Нақтыланған бюджетте инфляиця деңгейі 7,5 – 9,5% болады деп көрсеттік. Аталған деңгейді сол себепті таргеттеп, жалпы арзандайтынын күтеміз», - дейді ол.

Айта кетсек, Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы айырбастау пункттерінде бүгін долларды сатудың орташа бағамы 442,45 теңгені, сатып алу – 437,05 теңгені құрап отыр.