Әскери институттың қарауыл постында 1 курстың курсанты көз жұмды

Аян Өрібай

Қорғаныс министрлігі бұл жөнінде ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«2023 жылғы 3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өмір белгілерісіз табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді», - делінген хабарламада.

Министрлік бұдан басқа ақпарат таратпады.

«Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады», - деген сөзбен шектелді.