Тараз қалалық сотының төрағасы 3 жылға сотталды

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Антикор мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ведомство мәліметінше, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды.