Қазақмыс қызметкерін сабаған: Екі күдікті ұсталды

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің «Қазақмыс» компаниясының қызметкерін ұрып-соққан видеосы пайда болды. Полицейлер оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

«Әлеуметтік желілердің  мониторингі барысында бейнежазбада екі ер адамның бір адамға  қол жұмсаған видеосы тарады. Аталған жанжал Ұлытау облысындағы кеніштердің бірінің аумағында орын алғаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы "бұзақылық" бойынша тіркелді», - деп хабарлайды полиция.

Ұлытау облысының ПД қызметкерлері екі күдіктіні ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.