Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Ulysmedia

Қазгидрометтің синоптиктері Қазақстанда 4 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында аздаған қар жауады, боран соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20, кейде 23 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстік-шығысында 18, күндіз 2-7 аяз.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 4-6 аяз.

Алматы облысында түнде облыстың солтүстігінде жауын-шашын, күндіз батыста, облыстың таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2 аяз – 3 жылы, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 7 жылы, күндіз 10-15, солтүстікте, таулы аймақтарда 5 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 жылы.

Жетісу облысында солтүстікте, орталықта, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20, түнде кей жерлерде 25 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-2 градус аяз, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 8-13 аяз, күндіз солтүстікте, таулы аймақтарда 7-12 С.

Түркістан облысында түнде тауларда қар, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен 8-13, облыстың таулы асуларында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 1-6 аяз, күндіз 17-22 градус жылы, облыстың солтүстігінде 9-14 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстіктен 9-14, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында 8С аяз, күндіз 2-3С жылы, облыстың батысында да 6С жылы.

Шығыс Қазақстан облысында көбіне түнде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жауын-шашын (негізінен қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран соғады. Жолдар көктайғақ. Оңтүстіктен жел соғады, түнде оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-шығысында кей жерлерде 30 м/с және одан көп, күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с. 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 аяз, облыстың оңтүстігінде 0-5 жылы, күндіз 2 аяз 3 жылы, облыстың шығысында 5 градус жылы.