Түркиядағы зілзалаға 25 күн: үйінділердің тірі ит табылды

Ulysmedia

Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін 25 күн өткен соң үйінді астынан тірі ит шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Итті Антакия аймағында бір ғимараттың қирандыларын тазалағаннан кейін қоқыстарды аржып жатқан жұмысшылар тапты.

Ит кептеліп қалған кеңістікте оның аман қалуына көмектескен тамақ табылған.

Жануар жылжымалы ветеринарлық клиникаға сараптамаға жіберілді.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда бірқатар жер сілкінісі болып, 14 миллион адам зардап шеккен.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны соңғы мәліметтер бойынша 45 089-ға жетті.