Астана- Щучинск тасжолы әлі ашылған жоқ

Ulysmedia

«Астана- Щучинск» тасжолы әлі жабық тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елорданың ТЖД сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

«4 наурыз сағат 10-00 жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (жолдың көрінуі шектеулі, бұрқасын) республикалық маңызы бар (18-231 ш., Астана-Петропавловск) автожолы, «Астана - Щучинск» учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабық»,- делінген хабарламада.

Еске салсақ, кеше түнде Астанадан Щучинскке дейінгі жол барлық көліктерге жабылған болатын.