Джеки Чан қазақша ән шырқап, ат мінді (ВИДЕО)

Ulysmedia

Әлемге әйгілі актер, каскадер, режиссер Джеки Чанға Қытай қазақтары зор құрмет көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан скриншот

"Qazaqstan 24/7" Telegram арнасында жарияланған видеодан актердің қазақтың шапанын киіп тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, кадрда Джеки Чан "Ақ шашу" әнін қосыла шырқап, билеген.

Дереккөздің мәліметінше, Джеки Чан фильмді түсіру үшін Іле-Қазақ автономиялық округіне барған.

"Жергілікті қазақтар актерды қарсы алып, шапан жауып, айғырды сыйға тартты", - делінген хабарламада.