Жел, жауын, тұман - бүгінгі ауа райы болжамы

Ulysmedia

Қазгидромет 8 наурыз күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қазақстанның басым бөлігі әлі де Каспи теңізі ауданынан келген циклонының ықпалында болады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысы ғана антициклон жоталары әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, еліміздің солтүстік жартысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде найзағай күтіледі. ҚР бойынша тұман және көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде қатты қар жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының орталығында, түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының тау асуларында соққан желдің жылдамдығы 30 м/с жетеді.