«Шетел агенті туралы заңға наразылық»: Грузияда мыңдаған адам көшеге шықты

Аян Өрібай

Тбилисиде «шетел агенттері» туралы заңға қарсы шерулердің соңы полициямен қақтығысқа айналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Наразылық Ресейдің «шетел агенттері» туралы заңына ұқсас келеңсіз заң жобасы бірінші оқылымда қабылданғаннан кейін басталды. «Халық билігі» қозғалысының депутаттары бастамашы болған заң жобасы «шетелдік ықпал агенттерінің» тізілімін құруды көздейді. Мұндай агенттер» қатарына коммерциялық емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері кіруі мүмкін.

Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррел шетелдік агенттер туралы заң Грузияның Еуропалық Одаққа кіру ұмтылысына қайшы келеді деп мәлімдеді.

Елде наразылық білдірушілер ұсталғаны хабарланды, бірақ олардың нақты саны белгісіз.