Жарық кеше түнде аймақта соққан күшті желдің кесірінен сөніп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, желдің жылдамдығы секундына 27 метрге жеткен. Көп ғимараттың шатыры ұшқан.
Оның үстіне 20-дан астам ауыл электр қуатының апатты сөнуі салдарынан жарықсыз қалды. Шарбақты, Төсағаш, Жабағылы, Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай Мерғалым, Шақа, Шоқтал, Аққұлы, Баскөл, Кеңтүбек, Майтүбек, Ақжар, Көктөбе, Бесқарағай, Жамбыл, Жаңате және Айате ауылдарында жарық жоқ. .
Бұл ретте жарықсыз қалғандардың жалпы саны әлі де нақтыланып жатыр. Жаңатілек ауылында жел үш қабатты мектептің шатырын толығымен ұшырып әкетті.