Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Ulysmedia

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Жолшылар учаскені тазартып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Ұлттық оператордың хабарлауынша, 8 наурыз күні сағат 13.00 шамасында республикалық маңыздағы «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті. Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы - 4 м, ені-3 м, биіктігі – 1 м.

«Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды»,-делінген хабарламада.