Бұл туралы Сенат кулуарында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айта кетсек, Айта кетсек, Дархан Жазықбаев бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қорғады. Кулуарда журналистер оған сұрақ қойды.
«Бұл жерде «сенімін жоғалту» институтын кіргізіп отырғанымыз – президент тағайындаған жағдайда сол адам өзінің жүктелген міндеттерін тиісінше атқармаған немесе орындамаған жағдайда президент оған «сенімді ақтай алмады» деп оны орнына алып тастауға құқылы», - деді Дархан Жазықбаев сенат кууларында.
Оның айтуынша, мұндай тәртіп бұрын мемлекеттік қызмет туралы заңда болған. Жаңа өзгеріс бойынша «сенім жоғалтты» деген ұғым алғаш рет енгізілген.
«Бұл отставка емес. Ал «сенімін жоғалтқан» адам үш жылға дейін мемлекеттік қызметке қайта келмейді. Сондықтан, біз осындай нақты норманы кіргізіп отырмыз», - деді ол.