Қытай тарихында тұңғыш рет халық құрылтайының депутаттары Қытай Халық Республикасының төрағасын үшінші мерзімге қайта сайлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қайта сайлау 9 наурыз, жұма күні депутаттардың жасырын дауыс беруімен өтті. Осылайша, Си Цзиньпин Қытай тарихындағы үшінші мерзімге сайланған тұңғыш төраға атанды.
Сондай-ақ Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайланды.
Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэцзи Жалпықытайлық халық өкілдері жиыны Тұрақты комитеті – елдің жоғарғы заңнамалық органының төрағасы қызметіне сайланды.
Айта кетейік, 2023 жылдың 5-13 наурызы аралығында Бейжіңде жыл сайынғы Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының сессиясы өтіп жатыр.