Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәліге үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Антикор мәліметінше, «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге пара алған.
“Сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Карловаға сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.