Бұл туралы Үкіметтің Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы қаулысында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлік Ресей Федерациясының федералдық меншігінен республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын», - деп жазылған құжатта.
Құжатқа сүйенсек, Қазақстан меншігіне мына мүліктер берілген:
1. 11Ф647М «Экран-М» ғарыш аппараты (зауыттық нөмірі 79432117), оның құрамдас және жинақтаушы бөліктері (1 дана, 1991 ж. шығарылған);
2. 11Ф639.М0000-0-01 құрастыру-қорғау блогы (зауыттық нөмірі 53781711), оның жинақтаушы элементтері және қосалқы құрал-саймандары мен құрылғылары (1 дана, 1993 ж. шығарылған);
3. 11Н6110 объектілерді сынау жүйесі (1 дана, 1991 ж шығарылған);
4. 8Г012М1 жүйесі (1 дана, 1986 жылы шығарылған);
5. 8Г013Э1 жүйесі (1 дана, 1986 жылы шығарылған).