Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға 10 наурыз күні таңертең болған.
«Жедел жәрдем сағат 09.48-де шақырылды. Қалалық сотта жұмыс орнында 1968 жылғы ер адам аяқ астынан жайсыз сезінген. Жедел жәрдемді шақырған адамның сөзіне қарағанда, судья қорылдап, ес-түссіз құлаған. Марқұмның жүрегі тоқтап қалған, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция болған оқиғаны растап, ер адамның кенеттен қайтыс болғанын мәлім етті.
Еске салсақ, кеше Түркістан облысының прокуроры өз кабинетінде қайтыс болған.