Қытай үкіметіне жаңа басшы келді

Ulysmedia

Компартия ОК Саяси бюросының тұрақты комитетінің мүшесі 63 жастағы Ли Цян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ли Цян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі лауазымына сенбі күні таңертең, яғни Бейжіңде қазір өтіп жатқан 14-ші шақырылымдағы Жалпықытай халық өкілдері жиналысының 1-ші сессиясында бекітілді, деп жазды Синьхуа.

Ол АҚШ-пен "сауда соғысы" және пандемия кезінде Үкіметті басқарған Ли Кэцянның орнын басады. Ли Цян технологияны өрістету және экономиканы дамыту тұрғысынан ауыз толтырып айтарлықтай тәжірибеге ие және қытай саясатының жарқын өкілі болып саналады. Ол өткен жылдың қазан айында ҚКП ОК Саяси бюросының тұрақты комитетіне мүшелікке өткен соң партиялық иерархияда бірден 2-ші орынға ие болды.

ҚХР үкіметінің басшысы лауазымының өкілеттік мерзімі 5 жыл және оны бір адам тек екі мерзімнен ары атқара алмайды. ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин бұл қызметке Ли Цянның кандидатурасын ұсынды.