Ақмола облысында үш ауылдың атауы қазақшаланады

Ulysmedia

Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған.

«Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Бірлік ауылдық округіне қарасты Красная Поляна ауылын – Бірлік, Арбузинка ауылын - Ақкент, Петриковка ауылын Тұмар ауылы деп атау туралы шешім шығарды», - делінген талқылауға шығарылға құжатта.

Қоса кетсек, былтыр Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің және Бурабай ауданына енетін Красный кордон ауылының атауы өзгерген еді. Жалпы, өткен жылы бұл өңірде 11 елді мекен мен 90 көшеге қазақша атау берілді.