Бразилияның етін Қазақстанға әкелуге тыйым салынды

Ulysmedia

9 наурыздан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі Бразилиядан ірі қара мал мен сиыр етін әкелуге уақытша шектеулер енгізді. Бұл туралы ElDala.kz сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (WAHIS) бұл елде ірі қара малдың губка тәрізді энцефалопатиясы (BSE) тіркелгенін хабарлады, бұл шектеулерге себеп болды.

Ветеринариялық бақылау комитетінің мәліметінше, Бразилия аумағынан Қазақстанға келесі тауарларды әкелуге және транзитке тыйым салынады:

• тірі мал;

• ірі қара малдың қаны мен құрамындағы өнімдері;

• сиыр сүйекті еті;

• сиыр етінің қосалқы өнімдері;

• аршылған қабықтарды қоспағанда, ірі қара малдан алынған ішек шикізаты;

• механикалық сүйектен тазарту арқылы алынған сиыр еті;

• 30 айдан асқан ірі қара малдың сүйексіз еті;

• сүт протеиндерін қоспағанда, өңделген ірі қара протеиндерін қамтитын өнімді жануарларға арналған жем және өнімді жануарларға арналған жем ретінде қолданылатын өңделген ірі қара протеиндері.

Еске салайық, бұған дейін мал ауруларына байланысты Қазақстанның үш облысында карантин жарияланғаны белгілі болған.