Алматыда жемқорлар бір мектеп пен бір балабақшаның ақшасын төлеуге міндеттелді

Ғалиасқар Думан

Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін Алматы жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: vlast.kz

Атап айтқанда:

– «Алматы жылу желілері» ЖШС (бұдан әрі - АЖЖ) бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн. теңге сомасындағы айыппұл;

– АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетов 560 млн. теңге сомасындағы айыппұл;

– АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С. Джингильбаев 560 млн. теңге көлеміндегі айыппұл;

Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн. теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд. 80 млн. теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең. АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн. теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.