Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуынша, Ұлыбритания СІМ басшысы Джеймс Клеверли Қазақстанда 17-18 наурыз аралығында болады. Сапары кезінде Қазақстанның жоғары лауазымды басшыларымен кездеседі.
«Астанаға келген кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, премьер-министр Әлихан Смайыловпен, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының басшылығымен келіссөз жүргізеді. Сапар аясында Астанада ІІ Елизаветаның скверін ашу көзделіп отыр”, – деді Смадияров.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келіп кеткен еді.