Елімізде бензин өндірісі төмендеді

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

фото: ашық дереккөзден

"2023 жылғы ақпанда Қазақстанда 379 мың тонна бензин өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы өндіріс көлемінен 1,8%-ға төмен", - делінген хабарламада.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ақпан айында: 389 мың тонна газойл (-2,3%), 289 тонна мазут (+14,9%) өндірілді.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі елде дизель тапшылығына жол бермеу үшін Ресейден 850 мың тонна отын жеткізбек.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Болат Ақшолақов Қазақстан Германияға ай сайын 20 мың тонна мұнай жөнелтіп отыратынын мәлімдеген.