Гаага соты Путинді тұтқындауға ордер берді

Ulysmedia

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл туралы соттың сайтында хабарланды.

ХҚС мұның себебі «халықты (балаларды) заңсыз депортациялау және халықты (балаларды) Украинадан Ресей Федерациясына заңсыз көшірумен байланысты» дейді.

Бұған Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Захарова былай деп жауап берген болатын:

«Халықаралық қылмыстық сот шешімдерінің біздің еліміз үшін, оның ішінде құқықтық тұрғыдан да ешқандай мәні жоқ. Ресей Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутының қатысушысы болып табылмайды және ол бойынша ешқандай міндеттеме алмайды. Ресей бұл органмен ынтымақтаспайды және Халықаралық соттың қамауға алудың ықтимал «рецепттері» біз үшін заңды түрде жарамсыз болады».