Парламент сайлауы: тәуелсіз бақылаушылар 400 сайлау учаскесін бақылайды

Ulysmedia

Дауыс беру күні «Азаматтық сараптама», «Еркіндік қанаты», МИСК және «Эхо» қоғамдық қорларының байқаушылары өз күштерін біріктіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Бақылаушылар халықаралық стандарттарға негізделген тәуелсіз бақылау әдістемесін қолданып, ел бойынша 400-ге жуық нысанды қамтитынына сендірді.

«Алматы қаласындағы 250 учаске (МИСК);

Астанада 50 учаске («Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры);

Қазақстанның басқа аймақтарында 50 (МИСК) учаске.

«Азаматтық сараптама» қоғамдық қоры мен «Эхо» ҮЕҰ жылжымалы бақылау арқылы 30 сайлау учаскесін қамтиды», - деп түсіндірді ұйымдар.

19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді. Мәжіліс 98 депутаттан тұрады, мәслихат депутаттарының мандаттарының саны – 3415.