Елімізде екі жаңа мереке - әкелер күні және аналар күні пайда болуы мүмкін

Ulysmedia

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстанның мерекелік күндерінің тізіміне Аналар күні мен Әкелер күнін енгізуді ұсынады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Үкіметі қаулысының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі, – делінген құжат жобасында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Үкімет қаулысының жобасы 2023 жылғы 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.