Астанада сайлау кезіндегі бұзушылықты фотоға түсірген бақылаушыны учаскеден шеттеткен

Айнель Аянова

Сайлау учаскелерінің ашылғалы көп уақыт өте қоймаса да, тәуелсіз бақылаушылар бірнеше бұзушылық тіркеп үлгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

alataunews.kz

"Еркіндік қанаты" қорының мәліметінше, учаскелер ашылған сәттен бастап мынадай бұзушылықтар тіркелген: 

  • бақылаушылардың қозғалысын шектеу; процесті нақты көре алмау;
  • фото және бейне түсіруге тыйым салу;
  • учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының үгіті;
  • дауыс беруге арналған ғимаратты жабдықтау жөніндегі нұсқаулықты бұза отырып, бақылаушыға орындық бермеу.

Астанадағы №23 учаскеде бақылаушылар жеке бөлмеге орналастырылған. Олар сайлау учаскесін терезе арқылы көреді.

Таңғы 8-де №2 сайлау учаскесінен "дауыстарды санау процесін фото және видеоға түсіргені үшін және комиссия мүшелеріне дөрекі қарым-қатынасы үшін" үшін бақылаушы шеттетілді (ЕҰУ жатақханасы). Айта кетейік, дауыстарды санау процесі тек 20:00-де басталады, ал бақылаушылар "ҚР сайлау туралы" Заңына сәйкес фото және бейнетүсірілім жасауға құқылы.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шымкент учаскелері сайлаудан бір күн бұрын дауыстарды "санап қойған".