Сайлаушылардың 14%-ы дауыс берді: қай өңір тұрғындары белсенді

Ғалиасқар Думан

Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың дауыс беруі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

sputnik.kz

2023 жылғы 19 наурызда сағат 10:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21%-ы бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 15,13 %
  • Ақмола облысы бойынша – 15,61 %
  • Ақтөбе облысы бойынша – 12,44%
  • Алматы облысы бойынша – 15,32 %
  • Атырау облысы бойынша – 12,94 %
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96 %
  • Жамбыл облысы бойынша – 16,54%  
  • Жетісу облысы бойынша – 15,93 %
  • Қарағанды облысы бойынша – 16,31 %
  • Қостанай облысы бойынша – 16,23 %
  • Қызылорда облысы бойынша – 12,64%
  • Маңғыстау облысы бойынша –12,36 %
  • Павлодар облысы бойынша – 16,49 %
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93 %
  • Түркістан облысы бойынша – 15,62%
  • Ұлытау облысы бойынша – 16,38 %
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11 %
  • Астана қаласы бойынша – 13,58 %
  • Алматы қаласы бойынша –8,51 %
  • Шымкент қаласы бойынша – 12,57%

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12:10-да, 14:10-да, 16:10-да, 18:10-да және 20:10-да берілетін болады. Азаматтардың учаскелерге келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22:10-да беріледі.

19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. 

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.