Ақтауда 384 бюллетень басып шығару ақауларына байланысты алынып тасталды

Ulysmedia

Ақтауда 384 бюллетень басып шығару ақауларына байланысты алынып тасталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

“Бірнеше сайлау учаскесінде облыстық мәслихаттың 384 сайлау бюллетеніне «Аманат» партиялары позициясының жанындағы «сызықша» белгісі бар. Бұл баспаханада бюллетеньдерді басып шығару кезінде пайда болған. (Аталған белгі қаламмен белгіленбеген, сондықтан дауыс беру актісі емес).

Осы оқиға бойынша сенім білдірілген адамдар заң бұзушылық актілерін жасап, оған учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен байқаушылар қол қойды”, – деп жаздлы Ақтау қаласы бойынша аумақтық сайлау комиссиясынан.

Қазіргі уақытта СБД жалпы саннан бүлінген бюллетеньдерді алу туралы акт жасады (себебі көрсетілген – баспахананың кінәсі).