20 наурызда Мәскеуге ҚХР басшысы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл – Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғалы Қытай басшысының Мәскеуге алғашқы сапары.
Сапар алдында қытайлық "Жэньминь жибао" басылымында, сондай-ақ Кремль сайтында Путиннің мақаласы жарық көрді. РФ президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Мәскеуге сапарын Ресей-Қытай серіктестігінің ерекше сипатын растайтын маңызды оқиға деп атады. Ол алдағы келіссөздерден үлкен үміт күтетінін жеткізген.
“Бұл мен үшін сонымен бірге мейірбан ескі досыммен көрісуге керемет мүмкіндік” деп жазды ол.
Путиннің сөзінше, Ресей үшін нағыз дос – туған бауырмен бірдей.
Өз кезегінде ҚХР басшысы да “Российская газетаға” мақала жазып, Путинмен бірге екі ел ынтымақтастығының жаңа кезеңін бастағанына риза екенін айтқан.