Үндістанда 8,5 миллион адам интернетсіз қалды

Ulysmedia

Биыл Раджастан штатында мұғалім болу құқығына ие болу үшін 1,6 миллионнан астам адам емтиханға қатысты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Futurism-нің мәліметінше, барлығы 50 мың вакансия бөлінген. Емтихан әділ өтуі үшін штат билігі интернетті өшіріп тастау туралы шешім қабылдаған. 08:00-17:00 аралығында интернеттің өшіп қалуы емтихан тапсырушыларға ғана емес, басқа да миллиондаған адамға қатысты болды.

The Register-дің бағалауы мен зерттеуі бойынша, емтихан өтуі барысында Раджастанда 8,5 миллион адам интернетсіз қалған.

«Интернетті ажыратып тастау міндетті түрде экономикалық шығынға әкеледі, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты бағдарламаларға әсер етеді. Пандемия кезінде интернетті өшіріп тастау дұрыс емес, себебі қаншама тұрғын осы интернет арқылы ақпарат алады, жұмыс істейдә және оқиды», - делінген бағдарламалық қамтамасыз ету бостандығы туралы Үндістан заң орталығында.