Еліміздің Suleimen Promotions командасы спортшыға шапан жапқан.
«Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.
Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті», - деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасына.
Канело да Қазақстан халқын қазақ тілінде құттықтап: «Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын!» - деген «Канело».