Бір жылда сегізінші рет АҚШ-та базалық мөлшерлеме көтерілді

Ulysmedia

АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі кезекті отырысында базалық мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа көтеріп, жылдық 4,75-5%-ға дейін жеткізді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Көтеру туралы шешім бірауыздан қабылданды. ФРЖ өз мәлімдемесінде ұзақ мерзімді перспективада 2% инфляцияны мақсат етіп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ агенттік жақында бірнеше ірі банктердің сәтсіздігіне сілтеме жасап, мұның салдарының ауқымы «түсініксіз» болғанымен, жалпы АҚШ-тың банк жүйесі «сенімді және тұрақты» екенін атап өтті.

Бұл көрсеткіш соңғы рет 2007 жылы осындай жоғары деңгейде болған.

Соңғы 12 айда ФРЖ ставкаларды жалпы алғанда 4,5 пайыздық тармаққа көтерді.