Динара Әлжан мен Болат Назарбаев не үшін ажырасты?

Ulysmedia

Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжан "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Бөкеңмен қалай ажырасқанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

"Кентал кейін мені шоу бизнесте жүрген адамдармен таныстырды. Көбіне орыстілді орта еді. Мейрамханада отырдық. Жассың ғой енді, ішесің. Шарап іштім, мас болып қалдым.  "Динара, рөлдесің ғой" деді. “Жүргізуші шақыртамын” дедім. Бір кезде әжетханаға бардық, тазалап, сүртіп, телефонын қойып, нені (есірткі) жасады. Мынаны иіске, бірден есіңді жиясың деді. Ол - кокс" – деді.

Динара өз ойында артық ештеңе болмағанын, бір рет қана көріп, кейін қойып кетемін деп ойлағанын айтады.

"Мен мұндайды кинодан көргенмін. Шоу бизнесте жүрген адам, ештеңе болмайды деп ойладым. Бір рет қана көремін деп сендім. Көрдім, мастығым басылды. Кейін тағы кездестік, үйіме шақырдым. Басында тегін берді, маған қызық болды" – деді Динара.

Динара есірткіге тәуелді болып қалғанын, ал оған оның дәмін татқызған "достары" жоқ болып кеткенін айтады. 

"Менің де кінәм бар. Жасамаймын деуге болады ғой. Бір жағынан 2-3 рет тегін бергеннен кейін, үйреніп қаласың. Кіріп кеттім, тапсырыс бере бастадым. Үйге машинамен алып келетін. Екі күнде бір, үш күнде бір тапсырыс беремін. Бір айдай отырдым, 350 доллардан сатып алып жүрдім" – дейді Динара.

Орта жолда бір қызбен танысқан. Ол оған бұл күйінің дұрыс еместігін айтқан. Үйсіз, күйсіз қалып, тек паспортпен жүрмін деген қыз өз кеңесін айтқан.

"Қолымда мүмкіндік барда бизнес пе, халыққа көмектесетін балабақша ма ашу керек еді деп өкінемін" – деп ол өз өкінішін білдірді.

Болат Назарбаев та әйелінің жағдайын байқаған. Анасы да оны көріп, дұрыс жол сілтеуге тырысқан. 

"Анам да айта бастады. Сенде бірнәрсе дұрыс емес. Кентал, Кентал деп анаған көмектесесің, мынаған көмектесесің. Қызыңа қарамайсың деді" – дейді Динара.

Болат Назарбаев бәрін білгеннен кейін ажырасуға шешім қабылдаған. 

"Бір күні Болат мені кеңсесіне шақырып алды.  Мен келсем, Қайроштың машинасы мен көмекшісі тұр. Кіріп келе жатсам, Қайрат шығып келе жатыр екен. Сосын Бөкең “Мен бәрін білемін, екеуміз ажырасамыз” деді. Сен боссың деп 3 рет талақ айтты. Болды. Мен ақталған да жоқпын, ол бәрін біліп тұр. Оған дейін де білді, кешірді, үндемеді" – дейді Динара.

Динараның айтуынша, ажырасқан соң үйді де, машинаны да қайтарып алған. Дымсыз қалған ол кейін Ақтауға көшіп кеткен.