Михаил Козачковқа үкім шықты

Ғалиасқар Думан

Сот журналист Михаил Козачковты шартты түрде 3,5 жылға соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты 2022 жылдың 18 желтоқсанында  ұстады.

Тергеу мәліметінше, Михаил Козачков Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген. Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланған.

Ақорда Бас прокуратура журналисті тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті екенін баса айтты.

18 ақпанда Козачков үйқамаққа ауыстырылған болатын.

Бұдан бұрын Козачков  өзіне тағылған айыптар тізімі біршама қысқарғанын мәлім еткен.

"Өкінетінімді жеткізгеніме байланысты заңсыз жариялаған мемлекеттік құпияларды ашу ісі бойынша тергеу тоқтатылды. Сондай-ақ, тергеу барысында өз материалдарыма ақпарат жинап, мақалалар жариялау арқылы бірнеше рет заңдарды бұзғаным анықталды. Журналистік тергеулермен айналысып, үнемі жаңа ақпарат іздей отырып, басыңды қатерге тігесің. Бірнеше адамның жеке деректерін заңсыз жинап, таратып жібергенім белгілі болды. Мен қателескенімді түсінемін, кей кездері ақиқаттан алшақ кеттім және бұл үшін жауап беруге дайынмын", – деген еді журналист.