Абзал Құспан Ақорданың жобасы ма - жаңа депутат жауап берді

Ulysmedia

Батыс Қазақстаннан депутат болған заңгер Абзал Құспанға журналистер осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia тілшісі.

Фото: Ашық дереккөз

«Әлеуметтік желідегі бүкіл деректі келтіретін болсақ, кешті батырамыз. Менің жалғыз ғана кінәм бар, ол – менің жеңімпаз болғаным. Басқа кінәм жоқ. Әйтпесе, бюллетеньде Абзал Құспан деген қатар жоқ, оны сұрап жатқан да ешкім жоқ», - деді су жаңа депутат. 

Ол журналистердің сауалдарына жауап беру кезінде Қазақстандағы заңның оспадар, қисынға келмейтін тұстарын да атап өтті.

«Мен заңның қолданушысымын. Өзім Қазақстанда бір ғана университетті бітірдім. Тек заң саласында қызмет етіп келемін. Осы орайда, айтарым, оспадар заңдардың зардабын дәл мен сияқты сезінген жан аз шығар деп ойлаймын. Мен Мәжіліске сол олқылықты түзету үшін ғана келдім», - деп атап өтті Абзал Құспан. 

Халық қалаулысы Мәжілістегі мандатын пайдаланып, Қаңтар оқиғасының шындығын ашуға атсалысатынын да мәлімдеді.