Талдыкөл табиғи жолмен жоғалып кетуі мүмкін – Абаев

Ulysmedia

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасының эфирінде елордадағы кіші Талдыкөл көлі табиғи түрде жоғалып кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: newtimes.kz

Абаев әкімдік көлді топырақпен жауып тастауға ниетті емес екенін айтты. Суды тазартып, оны тереңдету жоспарда бар, бірақ аталған көл табиғи түрде жоғалып кетуі мүмкін.

«Ол жерге жағалау аймағын жасайды. «Әкімдік бізді алдайды. Ешқандай суды тазалау жұмыстары жүргізілмейді, көлді топырақпен жауып жатыр» деген пікірді де естідік. Бедел мен сенім ұғымы бар және оған ешкім нұқсан келтіргісі келмейді. Билік қоғам алдында, мемлекет басшысы алдында уәде береді. Уәдені бұзу өздері үшін оңайға соқпайды», - деді шенеунік.

Ол эко-қорғаушыларды қолдайтынын айтты.

«Адамдар жағдайды қалай көреді: бір жағында табиғат қорғаушылары, енді бір жағында мейірімсіз бюрократия. Бір қарағанда солай болып көрінгенмен, шын мәнінде олай емес қой. Табиғат қорғаушылар бұл бірегей көл екенін, ол жерде құстар мекендеп жүргенін айтады, ал іс жүзінде бәрі басқаша. Кіші Талдыкөл табиғи жолмен жоғалып кетуі мүмкін. 2013 жылы оның тереңдігі 1 метр болса, бүгінгі таңда тереңдігі 30 сантиметрден аспайды», – дейді Абаев.